Атырауда суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

2604
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_6619-960x500.jpeg?token=ba36f7cfec0cc733a0b9a8c11b2d65b1
Атырауда жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 22 тамызға қараған түні 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті. Құтқарушылар баланың денесін іздеп, мәйітті бүгін тапты. Облыстық құтқарушылар 2024 жылғы 24 тамызда сағат 07:03 шамасында суға батып кеткен 2010 жылғы жасөспірімнің денесін оқиға орнынан 12 км қашықтықта судан алып шыққан.
"Іздестіру жұмыстарына ТЖД 10 жеке құрамы, 5 жүзу құралы, 1 техника жұмылдырылды", - делінген ведомство хабарламасында. ТЖД өкілдері рұқсат етілмеген жерлерде шомылу қауіпті екенін, оның соңы қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертті. "Облыстың тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға және суға шомылудан бас тартуға шақырамыз", - дейді құтқарушылар.
Пікірлер