Жеңістен кейін. Спортшы кісі қолынан қаза тапқан Шерзат туралы әлемдік аренада айтты

7070
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/12/whatsapp-image-2024-12-14-at-22.21.57.jpeg
Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсететін Садриддин Ахмедов бүгін кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
1bol.kz мәліметінше, ол жекпе-жектен кейін Талғарда қаза тапқан Шерзат Полат туралы ойын айтты.
«Бұл жеңісіммен барша қазақ елін 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Сондай-ақ Қазақстанда көп жағдай болып жатқанын жақсы білесіздер. Соның бірі – Шерзатқа байланысты жағдай. Шетелде жүрсек те, оның бәрі жүрегімізге батады. Еліміздің көк туын осындай ареналарда көтеру – біз үшін үлкен мәртебе. Қазақ елі, сіздерді қатты жақсы көремін. Осы жеңісімді қазақ еліне арнағым келеді», - деді Садриддин Ахмедов.
Пікірлер