Кезектен тыс сайлау өте ме? – Президент "талай жылға арналған ауқымды жоспары" барын айтты

1528
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/sajlau-960x500.jpg?token=3cf264446fe3e60326c71cce4709ee83
Желіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы Біріккен Ұлттар Ұйы­мын басқаруы мүмкін, соған байланысты елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді деген қауесет тарап жатыр. Бұл ақпаратқа президент «Ана тілі» басылымына берген сұхбатында жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 
“Мен Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының орынбасары және Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы ретінде осы ұйымның Женевадағы кеңсесін үш жылға жуық басқардым.
Халықаралық үдерістердің қыр-сырына бойлап, мол тәжірибе жинадым. Осының өзі артығымен жетеді деп ойлаймын. Менің елімізді дамытуға қатысты талай жылға арналған ауқымды жоспарларым бар, оның бәрін жүзеге асыруға ниеттімін”, – деді Тоқаев.
Пікірлер