Астанада Дубай шоколады арқылы алаяқтық жасаған адам сотталды

2462
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/dubaj-shokolady.jpg
Астанада бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралып, сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп. Сот материалдарына сәйкес, А. есімді азамат әлеуметтік желілерде Дубай шоколады сатамын деп, жәбірленушілерді алдап, олардың ақшаларын иемденген. Нәтижесінде, ол 10 адамнан жалпы сомасы 301 020 теңге қаражат жымқырған. Сот барысында айыпталушының кінәсі жәбірленушілердің айғақтары, банк аударымдары және іс материалдарымен толық дәлелденді. Прокурор соттан А.-ға 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Сот үкімімен А. Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығы шектелді. Айта кетейік, Дубай шоколады біраз уақыт бұрын әлеуметтік желілерде трендке айналып, сұраныс пен бағасы күрт өскен еді. Бұл жағдайды алаяқтар өз пайдасына пайдаланған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Пікірлер