"Әйнек сындырған". Алматыда көлік ұрысы ұсталды

2115
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpeg?token=872acba811ec7e4ef3d5f3b21d5a1ae9
Алматыда бөтен адамдардың көліктерінің әйнегін сындырып, ұрлық жасаған адам ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Тергеу барысында 48 жастағы күдікті ұсталған. Ол осыған ұқсас төрт ұрлыққа қатысы бар екені белгілі болды.
"Жедел деректерге сәйкес қаскөй қаланың басқа жерлерінде де тек түнде ұрлық жасап жүрген. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полциция.
Сондай-ақ, ол бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған болып шықты. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейтіні айтылды.
Пікірлер