Зардап шеккендер бар. Жасөспірімдер музыкалық театрында өрт шықты

2068
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/img_6146-960x500.jpeg?token=19a41533c1bcac5ae26c22db76f0a4e6
Астанада Жасөспірімдер музыкалық театрында өрт шығып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді. Министрлік мәліметіне сүйенсек, өрт Сарыарқа ауданындағы Жақып Омаров көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттың жертөлесіндегі киім бөлмесінде орын алған. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер ғимарат ішінде қалып қойған үш адамды құтқарды. Өрт 20 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккен үш адам жану өнімдерімен улану белгілері байқалған соң дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.
Пікірлер