Ұшу кезінде өрт шыққан. Астана – Ақтау рейсі шұғыл түрде қайта қонды

1215
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/c8db99ea-0a2a-4745-aaef-e8c71eced40a-960x500.jpeg?token=94533a43010a6080f50842c6527111a5

Бүгін  Астана – Ақтау бағытындағы FS 7375 рейсінде жолаушының рюкзагы жоғарғы жүк сөресінде өртеніп, ұшақ қайта оралуға мәжбүр болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

FlyArystan әуе компаниясының мәліметінше, өртті бортсеріктер жедел түрде сөндірген. Зардап шеккендер жоқ.

"Ұшақ бортында 182 жолаушы болды. Әуе кемесі бастапқы ұшу пунктіне оралды. Қону штаттық режимде өтті. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі", – деді әуе компаниясы

Рейс Астана уақыты бойынша 17:10-ға шегерілді.

Пікірлер