«Алаш» музыкалық альбомының тұсаукесері өтпек

2267
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/image-9-960x500.png?token=f2232584a257f7098ab6838179c05f0b

31 мамыр – Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, қазақтың ұлы тұлғаларының өлеңдеріне жазылған «Алаш» музыкалық альбомының тұсаукесері өтеді. Іс-шара Facebook желісіндегі арнайы парақшада онлайн форматта ұйымдастырылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы композитор Еркеш Шакеев желідегі парақшасында жариялады.

Альбомға Сәкен Сейфуллин, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев және Міржақып Дулатұлының өлеңдеріне жазылған туындылар енген. Жобаның басты мақсаты — Алаш қайраткерлерінің рухани мұрасын насихаттап, олардың ел үшін жасаған еңбегін заманауи музыкалық формада таныту.

Автордың айтуынша, альбом аясында алғаш рет тыңдарманға ұсынылатын туындылардың бірі — Ахмет Байтұрсыновтың сөзіне жазылған «Егіннің бастары» атты жаңа ән.

Пікірлер