Ақмола облысында көктемгі егіс науқаны басталды: 750 мың гектар жерге тұқым себілді

916
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/whatsapp-image-2025-05-20-at-16.55.52-960x500.jpg?token=096cdcdbda83cfd34914f0843f9d0c7e
Ақмола облысында көктемгі егіс науқаны басталды: шамамен 750 мың гектар жерге тұқым себілді. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін алқап көлемі 52 мың гектарға артып, 5,5 миллион гектарды құрайтын болады. Бұл өңірдегі аграрлық саланың тұрақты дамуын көрсетеді. Майлы дақылдар алқабы айтарлықтай кеңейіп, 430 мың гектарға жетті. Қазіргі уақытта 750 мың гектардан астам алқапқа жаздық егіс жүргізілді. Егіс науқанына 37 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған. Жарқайың ауданының диқаншылары 663,5 мың гектар жерге егін егуді жоспарлап отыр, қазіргі таңда 123 мың гектарға тұқым себілді. Бұл аудан облыстағы егістік көлемі бойынша ең ірі өңір саналады.
«2025 жылғы көктемгі егіс науқаны қалыпты режимде өтуде. Барлық дайындық жұмыстары уақытында аяқталды, қазір аудан аграрийлері егіс жұмыстарын сәтті жүргізіп жатыр. Үйлесімді жұмыс пен техникалық қамтылу арқылы барлық мақсаттарға қол жеткізіп, мол өнім аламыз деп сенеміз», – деп атап өтті Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Дулат Сыздықов.
Пікірлер