Президент жарлығымен бірнеше елде елші тағайындалды

1856
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/ace71555-8e70-4310-9df6-5384177625ec-960x500.jpeg?token=40e84d53d967b4e15be99bada96220c5

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бірнеше елде елші тағайындалып, қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;

Рауан Әбдіманапұлы Жұмабек Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Найроби қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Жалғас Жұмаұлы Әділбаев Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», - делінген құжатта.

Пікірлер