Шерзат Болат ісі. Судьяны шеттету туралы өтініш қанағаттандырылмады

1338
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_9374-960x500.jpeg?token=40a1190f2644527d2ccc07248e6b3e61

Жасөспірім Шерзат Болаттың өліміне қатысты айыпталушыларды қорғаушылар судья Ержан Жанұзақовты іске қатыстырмау туралы өтініш түсірген болатын. Алайда бұл өтініш қанағаттандырылмады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұған дейін қорғаушы Жұмат Абенов, яғни айыпталушы Абзал Шынасылды сотта қорғаушы адвокат, судьяны әстен шеттету  туралы өтініш берген болатын. Адвокаттың пікірінше, судьяны істен шеттетуге себеп – қорғаушы ұсынған сарапшыларды сотқа куә ретінде шақырудан бас тартуы.

Алматы облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бейімбетов айыпталушылар мен олардың адвокатының өтінішін қанағаттандырусыз қалдырыды.

"Адвокаттардың уәждері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген судьяға шағымдану себептері тізіміне сәйкес келмейді", - деді Асқарбек Бейімбетов.

Айта кетерлігі, бұл мәселе бойынша қорғау тарапының пікірлері екіге жарылды. Кейбір айыпталушылардың адвокаттары судьяны шеттенуден бас тартуды сұрады.

Еске салайық, жасөспірім Шерзат Болаттың өлімі 2024 жылдың 4 қазанында орын алған еді.

Пікірлер