20 жылдықтан соң. Қызғаныштан жасалған қылмыс бес баланы жетім қалдырды

3613
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/image-13-960x500.png?token=c4e7a6e7fe27ac4ee4b3d383f354b404
Ош облысында мектепті бітіргеніне 20 жылдық мерейтойдан соң күйеуі әйелін өлтіріп, бес баланы жетім қалдырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Оқиға 27 мамырда болған. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, ер адам бұл әрекетке қызғаныштан барған. 38 жастағы Айзирек есімді әйел адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады. Қазір 40 жастағы күдікті қамауға алынды. Ош облыстық полициясы бұл жайтқа байланысты Қырғызстан Қылмыстық кодексінің "Кісі өлтіру" бабымен іс қозғағанын хабарлады. Тергеу органдары қылмыстың себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Ерлі-зайыптының артында бес баласы қалған. Ош қаласының мэрі Жеңішбек Токторбаев марқұм әйелдің ата-анасымен кездесті. Ол мектеп жасындағы балаларды тұрғын үймен, тамақпен, киім-кешекпен қамтамасыз етіп, оларды мамандардың бақылауына алатынын айтқан. Ол күйеуі өлтірген әйелдің балаларын Валентина Терешкова атындағы мектеп-интернатқа орналастыруға уәде берді.
Пікірлер