АҚШ-тағы наразылық. Трамп Лос-Анджелеске қосымша әскер кіргізді

932
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/photo-output-7-960x500.jpeg?token=883724c508feb03594b051409d918d06

АҚШ-тың федералдық билігі Лос-Анджелес қаласында антимиграциялық рейдтерге қарсы наразылықтар аясында орналастырылған ұлттық ұлан сарбаздарының санын екі есе арттырып, 4000 адамға дейін жеткізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы 9 маусымда Калифорния штатының губернаторы Гэвин Ньюсом айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ұлттық ұланның жаңа бөлімшелерінен бөлек, Лос-Анджелеске Калифорнияда орналасқан «Кэмп-Пендлтон» базасынан 700 теңіз жаяу әскері де жіберіледі. АҚШ президенті әкімшілігі бұл шешімді федералдық қызметкерлер мен ғимараттарға бағытталған қауіп-қатерлердің күшеюімен түсіндірді.

Дональд Трамп Лос-Анджелесте жалғасып жатқан наразылықтарға қатысты пікір білдірді. Айтуынша, бүлікті кәсіби үгітшілер ұйымдастырып отыр. Президент Калифорнияға жергілікті билікке емес, федералдық орталыққа бағынатын күштік құрылым өкілдерін одан әрі көп мөлшерде жіберетінін ескертті.

Еске салайық, 7 маусымда Лос-Анджелесте АҚШ-тың көші-қон саясатына наразылық білдірушілер жаппай көтеріліске шыққан еді. Алаңдағылар полиция көліктерін өртеп жіберген болатын. Жүзден астам адам ұсталды. Ал 9 маусымда АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласының орталығына жиналуға заңмен тыйым салынды.

Пікірлер