Бауыржан Исламхан - «Зенитте»!

2963
Adyrna.kz Telegram

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан «Зенитке» ауысты. Бұл туралы Vesti.kz-ке клубқа жақын дереккөз хабарлады. Оның айтуынша Аршавин мен Тимощук Исламханның ауысуына мүдделі болған.

Ресей Премьер-лигасының көшін бастап келе жатқан петерборлық клуб қазір Катарда маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынында.

Алдыңғы күні Исламхан алматылық «Қайратпен» жаттығу өткізді, ал бүгін, 16 қаңтарда ол «Зенитте» болуы тиіс.

Еске салайық, футболшы «Қайраттан» еркін агент ретінде кетті, бірақ команда құрамында ол ОЖЖ қатысты. 2019 жылдың соңында ол алматылық клубпен келісімшартын аяқтады. Исламхан оны  қайта жаңартпады, бірақ келісім бойынша ол өзінің мансабын ҚПЛ-де жалғастыра алмады. Ресейлік «Локомотив» және «Крылья Советов» клубтары да ұлттық құраманың жартылай қорғаушысына  қызығушылық танытқан деген ақпарат шыққан.

Кейбір ақпарат көздері "Баториді" "Зенит" "Сочиге" немесе "Оренбургке арендаға береді дейді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер