Абылайхан Жүсіпов алғаш рет әлем чемпионы атанды

75
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/rxtSE197ILWdRu0gi4sgOzz7KHeqF4AZssZv7Ub1.webp

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатында алтынды еншіледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол чемпионат финалында ресейлік Сергей Колденковты жеңіп, алтын медаль иеленді. Осылайша ол кәсіби мансабында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды.

Финалдық жекпе-жекте Абылайхан алғашқы екі раундта қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті. Шешуші үшінші раундта да қазақстандық боксшының айқын артықшылығы байқалып, төрешілер жеңісті Жүсіповке берді.

Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов бұған дейін 2017, 2019 және 2021 жылдары әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын. Биылғы алтын медаль — оның әлемдік додадағы алғашқы жеңісі.

Пікірлер