Қанат Ислам жаңа бапкермен жаттығуға кірісті

3193
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/01/2357565.jpg
Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) отандық бапкер Нұрғали Сафиуллинмен жаттыға бастады. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы аға бапкері жақында Қанат Исламмен қош айтысқан Багаудин Бековтың орнына келді. Қанат Ислам кейінгі екі жекпе-жегіне дайындаған бапкермен жаттығуын тоқтатқан болатын. Еске сала кетсек, Беков 2019 жылы Қанат Исламды екі жекпе-жекке, яғни, Маусымда доминикандық Хулио Де Хесуспен (27-2, 24 КО) және қазанда намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-2, 11 КО) жаттықтырған. Кейінгі кездесуде боксшы қолын жарақаттаған, ал былтыр жыл соңында қайтадан жаттыға бастады. Қанат Ислам бұрын да Сафиуллиннің қол астында жаттықан. Ал қазақстандық маман Мырзағали Айтжанов, Мұхтархан Ділдәбеков, Нұржан Сманов, сондай-ақ, жартылай ауыр және бірінші ауры салмақта WBA чемпионы Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО) сияқты бірнеше отандық бокс жұлыздарын дайындаған.
Пікірлер