Қанат Ислам жаңа бапкерімен жаттығуға кірісті

2743
Adyrna.kz Telegram

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) отандық бапкер Нұрғали Сафиуллинмен жаттыға бастады. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы аға бапкері жақында Қанат Исламмен қош айтысқан Багаудин Бековтың орнына келді.
Қанат Ислам кейінгі екі жекпе-жегіне дайындаған бапкермен жаттығуын тоқтатқан болатын.
Еске сала кетсек, Беков 2019 жылы Қанат Исламды екі жекпе-жекке, яғни, Маусымда доминикандық Хулио Де Хесуспен (27-2, 24 КО) және қазанда намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-2, 11 КО) жаттықтырған. Кейінгі кездесуде боксшы қолын жарақаттаған, ал былтыр жыл соңында қайтадан жаттыға бастады.
Қанат Ислам бұрын да Сафиуллиннің қол астында жаттықан. Ал қазақстандық маман Мырзағали Айтжанов, Мұхтархан Ділдәбеков, Нұржан Сманов, сондай-ақ, жартылай ауыр және бірінші ауры салмақта WBA чемпионы Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО) сияқты бірнеше отандық бокс жұлыздарын дайындаған.

Пікірлер