Олигархтың сарайлары сатуға шығарылды

3173
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/01/kotedzh.jpg

Сотталған олигарх Тоқтар Төлешовтен қалған дүниенің бір парасы сатуға қойылды. Gosreestr.kz сайтында оның қандай дүниелері сатуға шығарғаны жария болды, – деп хабарлайды nege.kz сайты.

Сатуға төрт нысан қойылыпты. Оның ішінде 5 гектардан аса жерімен “Фосфорник” мәдениет үйі, 335 және 59,9 шаршы метр болатын екі үй бар. Сондай-ақ, көлемі 1307,3 шаршы метр болатын тағы бір нысан көрсетілген.
Аукцион ағылшын тәсілімен жүреді. Сатылым 6 ақпан күні сағат он бірде басталады. Естеріңізге салайық, ел арасында “сыра королі” деген атқа ие Тоқтар Төлешов «мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды, қинады, адам өлтірді» деген айыппен 21 жылға сотталған.  
Пікірлер