"Лотерея және лотерея саласы заңы жобасында лотерея операторының қатысуынсыз өтетін, лотерея операторымен лотерея өткізу туралы рұқсат қағазы болмаса, онда кез келген ойын заңсыз деп танылады және лотерея болып саналмайды", - деді министр "қазақстандықтарға Instagram желісінде лотерея ойнатуға тыйым салына ма?" деген сұраққа.
Ақтоты Раймқұлова лотерея мен ұтыс ойындарының айырмашылығын түсіндірді.
"Лотерея - белгілері бар қызмет түрі. Негізгі белгісі - егер лотерея операторы бар болса және ақша салушы лотерея қатысушысы болса. Бұл қаражат топтала келе аппарат кешені бойынша ойнатылады. Қатысушылардан жиналған қаражат, біреулер ұтып жатады. Егер бұл белгілері болмаса, ол онда лотерея деп аталмайды", - деді мәдениет және спорт министрі.
Еске салайық, Мәжілісте лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Қазақстанда заңсыз лотерея жарнамасына тыйым салу жоспарланып отыр. "Егер лотерея қызметін жарнамалау үшін пайдаланылатын болса, "лотерея" сөзін қолдануға тыйым салынбайды, бұл тек лотерея операторы мен агент арасында жасалатын шарт негізінде лотерея операторы мен таратушы, агент үшін ғана берілетін құқық", - деп түсіндірді министр.