Моңғолияда Франция азаматынан коронавирус анықталды. Бұл туралы Моңғолияның вице-премьері Энхтувшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Mongolian news agency.
Агенттік мәліметінше, 2 наурызда Мәскеу-Ұлан-Батыр бағытымен Моңғолияға ұшып келген Франция азаматының дене қызуы көтерілген. Ал сараптама нәтижесі коронавирусты растаған. Қазіргі уақытта ол карантинге жатқызылды.
Еске салайық, мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус жұқтырған елдердің саны артуына байланысты мәлімдеме жасаған еді. Ұйымның мәліметінше, бүгінде вирусты әлемнің 104 елінде 109 343 адам жұқтырған.
tengrinews.kz