Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1 адам тіркелді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Министрлік коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстанда 19 наурыз сағат 08.00-дегі жағдайға қатысты ақпарат таратты.
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша –18 адам, жалпы 37 науқас тіркелді, – делінген.
Министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп:
"Коронавирус жұқтырған - 1979 жылғы Ресей азаматы. Алматыға 15 наурызда Мәскеуден келген. Қазір ол стационарда, жағдайы қанағаттанарлық, – деп хабарлады.