Алматы маңындағы өрттен анасы мен баласы жанып кетті

1963
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/favfgx6L7yKOwOmU2747rp7DebchVYzqtahiqWLD.jpg

Бүгін, 1 қазанда Алматы облысы Іле ауданындағы Кенен Әзірбаев ауылында өрт шықты. Салдарынан үш жеке тұрғын үй мен шаруашылық құрылыстар толықтай жанып кеткен, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Құтқарушылар өрт туралы хабар кешігіп түскендіктен, жалын тез тарап кеткенін мәлімдеді. Жалпы өртенген аумақтың көлемі 448 шаршы метрді құраған.

«Түтін, жоғары температура және үйлердің құрылысына байланысты өртті сөндіруде қиындықтар болды»,—деп түсіндірді ТЖД.

Жанып жатқан үйден әйел мен оның сәбиінің мәйіті табылды. Күйік шалған ер адам ауруханаға жеткізілді.

Пікірлер