Атыраулық әскери қызметшілер ардагерлерін жеңістің 75 жылдығымен құттықтады

3798
Adyrna.kz Telegram

Атырау гарнизонының әскери қызметшілері майдангерлер Айдын Айбаров, Құрманбай Досымбетов, Валентина Канаплева, Орынғали Қарасаев, Тұраш Коптлеуов, Әлібек Тусубалиев және Закария Сұлтановты Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады!

 

Атырауда жыл сайын майдангерлер саны азайып келеді. Атыраулық әскери қызметшілер олармен тек мереке күндерінде ғана емес, күнделікті өмірде де байланыс орнатып, оларға барып, қажет жағдайда көмек көрсетеді. Бұл мерекеде әскери қызметкерлер барлық ардагерлерді құттықтап шықты.

- Соғыс ардагерлері үшін жеңіс күні олардың өміріндегі ең маңызды мереке болған және солай болып қала береді. Олар біздің арамызды жүрген уақыт аралығында, олар үшін осы Жеңіс күнің ең жарқын және ең қуанышты ету біздің міндетіміз», - дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының офицері, майор Ерлан Темралиев. - Біз Закария атаны бұрыннан білеміз, биыл олар үшін ұмытылмас күн болып келе жатқан Кеңес Армиясы мен Әскери-теңіз күштері күні, біз ол кісінің үйі мен Валентина Коноплеваның үйінің алдында шеру ұйымдастырдық. Біз ардагерлеріміздің әрқайсысын білеміз, олармен әрдайым байланыста болып келеміз.

Гарнизон әскери қызметшілері Отанымызды қорғап, ұрпағымызға бейбітшілік пен өркендеу үшін өздерін аямаған батыр бабаларымыздың ерліктерін мақтан тұтады.

Бүгінгі таңда Атырау облысында сегіз Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер