Мен өкпелеп қалдым: полицейлер үйден қашып кеткен кәмелетке толмаған қызды қайтарды

2556
Adyrna.kz Telegram

Ағымдағы жылдың 09 шілдесінде Павлодар қаласының Солтүстік полиция бөліміне 23-00 сағат шамасында Камзин көшесі бойындағы үйден 2006 жылы туған кәмелетке толмаған қыздың кетіп қалып, қайта оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. «102» телефонына үрейленген анасы қоңырау шалып, қызы ұрыстан кейін түнгі уақытта белгісіз бағытта үйден кетіп қалғанын жеткізді. Анасының айтуынша, қызының бұдан бұрын үйден кетіп қалу әдеті болмаған. Өз бетінше іздеу жұмыстары нәтижесін бермеген соң, әйел адам полицияға хабарласқан. Қыз баланы іздеуге Павлодар қаласы Полиция басқармасының барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шарасы кезінде полицейлермен қыз баланың тұрғылықты жері анықталып, заңды өкілдеріне қайтарылды. Ювеналдық полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған қызбен профилактикалық әңгіме жүргізді. 9-сынып оқушысы бұдан былай үйден кетіп қалмайтынына уәде берді.

Ағымдағы жылдың басынан бастап облыс аумағында кәмелетке толмағандардың 49 өз еріктерімен үйден кетіп қалу фактісі тіркелген. Барлық фактілер бойынша кәмелетке томағандар анықталып, заңды өкілдеріне қайтарылды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер