Елімізде балаларда ғана кездесетін қауіпті синдром пайда болды

12935
Adyrna.kz Telegram

Елімізде коронавирус жұқтырған балалар Кавасаки синдромына шалдығуда. Бұған дейін синдром коронавирус пандемиясы өршіп тұрған елдерде кездескен еді.

Кавасаки синдромы - сирек кездесетін ауру. Оны алғаш рет 1967 жылы жапон дәрігері анықтаған болатын. Синдром қан тамырларының қабынуымен, аяқ-қолда бөртпелердің пайда болуымен, бездердің ісінуімен және  еріннің құрғауымен сипатталады. Аурудың белгілері тек балаларда кездеседі.

Коронавирустық пандемия басталмастан бұрын Кавасаки синдромына қатысты әлемдік статистика салыстырмалы түрде төмен болды. АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институтының мәліметі бойынша, синдром Азия елдерінде жиі кездеседі, мысалы, Жапонияда жылына 26 мың бала осы аурумен ауырады. Ал өткен жылы АҚШ-та бұл синдром 4200 балаға әсер еткен.

Алайда, коронавирустың өршуі Кавасаки синдромының оянуына алып келді.  «The Lancet» медициналық журналының мәліметінше, синдром Еуропа елдерінде пандемияға дейін әр 20 000-шы балада анықталса, қазір бұл сан дәл 20 есе өскен. Қазіргі таңда ауру әр 1000-шы нәрестеге әсер етуде.

Дәрігерлердің айтуынша, Кавасаки синдромына шалдыққан бала міндетті түрде ауруханалық емдеуді қабылдауы тиіс. Статистикаға сәйкес, қажетті ем алмаған балалардың 25% -ында синдром белгілері жүрекке әсер еткен. Өкінішке орай, бес пайыз жағдайда мұндай асқынулар емдеу кезінде де пайда болуы мүмкін.

Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, елімізде кавасаки синдромына шалдыққан үш бала тіркелген.

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер