Тоқаев бірқатар кадрларды өзгертті

4819
Adyrna.kz Telegram

Тоқаев бірқатар кадрларды өзгертті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Ақорда-ға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Кувейт, Молдова және Кипрдағы төтенше және өкілетті елшілер тағайындалды.

«Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды»,-деп көрсетілген Президент жарлығында.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер