Қытықтаудан неге қорқамыз?

2604
Adyrna.kz Telegram

Сізді қытықтағанда қандай сезімде боласыз? Өміріңізде сізді бір рет болсын қытықтаған шығар? Біреулерге ол күлкілі сезім болса, бірі қытықтауды жек көреді.  Сонымен, қытықтау дегеніміз не және біз одан неге қорқамыз?

Қытықтау  - жақын қарым-қатынастағы адамдар арасында болатын әлеуметтік мінез-құлық. Бұл ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың алғашқы формаларының бірі деуге болады. Сонымен қатар, қытықтау қарым-қатынасты нығайтады және адамдар арасындағы өзара жақын болуына септігін тигізеді екен.

Германияның Тюбинген университетінің ғалымдары қытықтауды өзін-өзі қорғау әрекетімен байланыстырды. Иә, бұл кездейсоқтық емес. Өйткені дененің жиі қытықтайтын бөліктері (мойын, қабырға, іш) осал болып келеді. Қытықтау мидың ауырсынуға жауап беретін бөлігін оятып, нәтижесінде адамдар қорғаныс реакциясын көрсетуге бейім келеді.

Зерттеушілердің айтуынша, қытықтағандағы күлкі әдеттегі күлкіден ерекше. Бұл екі жағдайда да мидың мимикалық, эмоционалды және дыбыстық реакцияларын басқаратын бөлігі белсендіріледі. Ал қытықтаған күлкі сонымен қоса, дене температурасына, аштыққа, шаршағыштыққа, сондай-ақ  ұрыс немесе қашу секілді инстинкттік реакцияларға жауап беретін гипоталамусты бөлуге көмектеседі.

Адамдар өздерін қытықтаған кезде неге күле алмайды? Себебі  ми бұл әрекеттерге жауап берудің қажеті жоқ екенін түсінеді.

Қытықтаған кездегі күлкі және оның пайда болу себептері әлі зерттелмеген, бірақ зерттеушілер бұл құбылыс адам эволюциясы мен өзіндік сана-сезімнің дамуының алғашқы кезеңдеріне жатады деп болжайды.

Аяулым ӘБІЛДА,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер