ДҰҰ: Жаңа пандемия басталуы мүмкін

3298
Adyrna.kz Telegram

Әлемде коронавируске шалдыққан жаңа науқастардың саны қыркүйек айынан бері алғаш рет қысқарды, деп хабарлайды «Адырна»ұлттық порталы «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Әсіресе кәрі құрлық елдерінде вирустың бәсеңдеуі байқалады. Мамандар бұл қатаң локдаунның нәтижесі дейді.

Сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықты өздігінен антибиотиктерді қабылдаудан аулақ болуға шақырады. Олар «бұл жаңа пандемияның басталуына түрткі болуы мүмкін» деп дабыл қағады. Сарапшылар да «антибиотиктер мен вируске қарсы препараттарға төзімді микроағзалардың пандемиясы» болуы мүмкін екенін ескертті. Сондықтан ұйым өкілдері вирустың ешқайда кетпейтінін айтып, халықты онымен өмір сүруге дағдылануға шақырып отыр.

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер