Сұлтанбек пен Ғанидың беймәлім фотосуреттері табылды

5769
Adyrna.kz Telegram

Белгілі ғалым, алаштанушы Амантай Шәріп ағамыздың Adyrna.kz    ұлттық порталында жарияланған «Сұлтанбек, Ғани және Алаш» атты мақаласымен (23.03.2021) танысып, оқып шыққаннан кейін Ғани Мұратбайұлының Алаш арысы, мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожанұлымен бірге түскен, бұрын жарияланбаған фотосуреттерін жұртшылық назарына ұсынғанды жөн санадым.

1-фотосурет.

Бұл фотосурет қазіргі таңда Қазалыдағы Ғани Мұратбайұлының мемориалдық музейінің КП-183 қорында сақтаулы. Тағы бір данасы Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде бар дегенді естідік. Фотосуретті музей қорына 1981 жылы журналист Сейілхан Асқаров тапсырыпты.

Фотоқұжаттың аннотациясында «Гани Муратбаев среди членов ЦК Компартии Туркестана» деп жазулы тұр. Суретте 14 адам бейнеленген. Фотосуретте Сұлтанбек Қожанұлы бірінші қатарда, сол жақтан санағанда үшінші отыр (ақ жейделі). Екінші қатарда –  сол жақтан боп үшінші тұрған  Ғани Мұратбайұлы.

2-фотосурет.

Екінші фотосурет Мәскеу қаласындағы Ресей мемлекеттік тарихи музейінің ГИМ 105701/23 қорынан табылды. Фотосуретте Түркістан К(б)П Орталық Комитетінің 69 мүшесі бейнеленіпті. Онда Сұлтанбек Қожанұлы екінші қатарда, сол жағынан санағанда бесінші (ақ жейделі), ал Ғани Мұратбайұлы екінші қатарда –  сол жақтан есептегенде тоғызыншы болып отыр.

Екі фотосурет бір мезгілде – 1924 жылы Ташкент қаласында түсірілген.Қазір фотоқұжаттарда бейнесі таңбаланған өзге де тұлғаларды анықтау үстіндеміз.

 

Рамазан ӘБІЛДОСҰЛЫ,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

тарих, археология және этнология факультетінің

4 курс студенті

 

Пікірлер