ҰБТ - өтініш беру басталды

4587
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/9706a756-ea07-4425-8355-7b6a573e611a.jpeg
Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы «Ұлттық тестілеу орталығына» сілтеме жасап. Өтінімді қабылдау app.testcenter.kz сайтында 15 сәуір сағат 17.00-де басталды және бос орындар аяқталғанға дейін жалғасады. Тіркелу кезінде ҰБТ тапсыратын күнді, уақытын және өтетін орнын өз еркімен таңдауға болады. 15 сәуірден бастап ҰБТ тапсыру үшін бірінші мүмкіндіктің датасын, ал 1 мамырдан бастап екінші мүмкіндіктің датасын таңдау мүмкіндігі беріледі. Тестілеудің өзі 25 сәуір - 30 маусым аралығында өтеді. Аталған кезеңде ҰБТ-ға 2 рет қатысуға болады және жинаған ең жоғары балмен білім беру грантын тағайындау конкурсына түсе аласыз. Биылғы - 2021 жылдың мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады.
Пікірлер