Мөлдір Әуелбекова коронавирустан жазылып шықты

3082
Adyrna.kz Telegram

Коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауруханаға түскен танымал әнші Мөлдір Әуелбекова ауруханадан шыққанын Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Аллаға шүкір, коронавирусты жеңіп, ауруханадан үйге келдік. Дәрігерлердің еңбегін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Аллам күш-қуат берсін!

Жақындарым мен Сіздердің қолдауларыңызбен еш мойымай, дер кезінде ем алып Алланың қалауымен сауығып шықтық. Бәрі жақсы, шүкір! Хәлімізді сұрап, уайымдап хабарласып жатқан жаны жайсаң шынайы жанашырларыма рақмет! Алла Сіздерге разы болсын тілеулестерім! Енді, бұйырса босанғанша ешқайда шықпай сабыр етіп, үйде отыруым керек. Қайта жұқтыру жылдамырақ әрі қауіптірек болады екен. Сақтанып жүріңіздер! Алла амандықта жүздесуді жазсын", - деп жазды Әуелбекова.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер