Иманбек 2021 жылдың музыканты атанды

3254
Adyrna.kz Telegram

MTV Россия телеарнасы 2021 жылдың музыканттарын жариялады. Үздік ондыққа қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek) енді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жылдың үздік он музыканты: Мари Краймбери, Slava Marlow, Муся Тотибадзе, Jony, Imanbek, Мот, Zivert, Ваня Дмитриенко, Mary Gu, Анет Сай.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық Иманбек Зейкенов 2019 жылы SAINt JHN – Roses әнінің ремиксін жазып, композиция әлемдік чарттарда бірінші орынды иеленді. Иманбек қазақстандықтардың арасында алғаш болып "Грэмми" сыйлығын алды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер