ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой басқа қызметке ауысу туралы ойлануға уақыты жоқ екенін ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«Министрліктің алдында қазір көптеген сұрақтар тұр. Пандемия кезінде жаһанды жайлаған дертпен күресте министрліктің барлық қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеуде. Егер де ел билігі басқа мамандарды тартуды көздейтін болса, біз оған әрдайым дайынбыз. Ал дәл қазір жұмыстан бас көтермей қызмет етудеміз. Біздің басқа шаруаларға көңіл бөлуімізге уақытымыз жоқ. Біз өз азаматтарымызды індеттен аман алып қалудың қамымен жүрміз», - деді Алексей Цой.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
"Немерем - ойыншық емес". Полиция қолынан қаза тапқан жасөспірімнің әжесі ереуілдерді тоқтатуды талап етті
Әке сенің әр бір сөзің – ұлт үні: Дулат Ағаділдің ұлы Жанболаттың кісі қолынан қаза тапқанына тура бір жыл өтті