Атырауда «Атырау - Құрманғазы» бағытындағы пойыз іске қосылды

3960
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/whatsapp-image-2021-08-17-at-13.55.57-1.jpeg
Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов теміржол пойызының алғашқы рейсті салтанатты түрде іске қосу рәсіміне қатысты. Облыс әкімі жолаушылар пойызының барлық вагондарын санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеріп, құттықтау сөз сөйледі.
- Осы рейсті ашудағы басты мақсатымыз - жолаушыларға қолайлы жағдай туғызу. Риза  болған тұрғындардың пікірін естідім. Сапарларыңызға сәттілік тілеймін. Барлық әріптестеріме осы атқарылған жұмыстар үшін алғысымды айтамын, - деді Махамбет Досмұхамбетов.
Жолаушы Раушан Иманбаева бұл сәтті ұзақ күткендерін айтты. "Тікелей рейске отырып, үйге осындай жайлылықпен бара алатынымды білу қандай жақсы қуаныш. Бүгін біз үшін нағыз мереке » - деді Раушан Иманбаева.
Еске сала кетелік, құрамында 3 вагоны бар пойыз жергілікті уақыт бойынша Атырау қаласынан  сағат 11: 00 -де, Д.Нұрпейісова станциясынан 18:42-де шығады. Пойыз құрамында үш вагон бар.
Пікірлер