Украина Ресейге аман қалу мақсатында “Игра в кальмара” ойынын ойнауға ұсыныс тастады

4020
Adyrna.kz Telegram

Украина өз твиттер парақшасында Ресейге үлкен танымалдылыққа ие болған кәріс сериалы “Игра в калмара” секілді “аман қалу” ойынын ойнауға ұсыныс тастады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Игра в кальмара” дорамасының бір сериясында ойыншылар алда өздерін не күтіп тұрғандарын білмей берілген фигуралы есіктердің бірін таңдайды.

Кейін оларға қант тәттісі және әрқайсына ине таратыоады. Тәтті ортасында өздері таңдаған фигуралар бар, ине арқылы бұзып алмай, ойнау керек. Егер фигура бұзылса, өлтіреді.

Украина Ресейне өздерінің елтаңбасын ойып шығуды ұсынды. Оны оюдың өзі қиын.

Дорама көрерменге жол тартқалы бері әлемнің 100 елінде өте танымал болды. Соның бірі Украина.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер