Әлемде 3 елде әлі вакцинация басталмаған

4308
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/tedros-960x500.jpg?token=ea3b513d58107cb847cf4cffcdb10fa6
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус әлемнің үш елінде коронавирусқа қарсы вакцинация әлі басталмағанын айтты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл елдер — Бурунди, Эритрея және Солтүстік Корея. Сондай-ақ ДДҰ басшысы 56 штат халқының 10% вакцинациялау мақсатына жете алмай отырғанын айтты. Бұл көрсеткіш 40%-ға дейін ұлғаю қаупі бар. "Мүмкіндігі шектеулі болып отырған мемлекеттер — тұрақсыздықтан, қақтығыстан немесе зорлықтан зардап шеккен елдер. ДДҰ мен біздің серіктестер бұл елдермен вакциналарды енгізу үшін жергілікті техникалық және логистикалық әлеуетті күшейту үшін жұмыс істейді", —  делінген хабарламада.
   

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер