26 қарашада еліміздің бас адвокаттығына сайлау өтпек - Сәбит РЫСБАЕВ

3564
Adyrna.kz Telegram

Республикалық адвокаттар алқасына  бүгінгі күнге дейін басшы сайланған жоқ. Үстіміздегі жылдың 26 –шы қарашасында еліміздің бас адвокаттығына сайлау өтпек.

Бүгінгі таңда республикалық адвокаттар алқасының төрағалығына  кандидат ретінде 5 үміткер тіркелді.

Олар:
1.Айдын Бикебаев
2.Есберген Алауханов
3.Айман Умарова
5.Мейрам Шаймерденов
7.Әсел Тоқаева.

Бір елдің құқық саласында ойып алар орны бар қазақстандық адвокатураны қазіргі таңдағы тығырықтан кім алып шығады, мұндай үлкен жауапкершілікті сеніп тапсыру үшін кандидаттың  бойында қандай қасиеттер болу керек?

“Еліміздің адвокатурасын жаңа белеске көтеру үшін бірінші басшының бойында терең білім, біліктілік, тәжірибе, принципшілдік, жаңашылдық, сонымен қатар, заң шығарушы, атқарушы, құқық саласындағы барлық органдарға өз көзқарасын сауатты, әрі мәдениетті түрде жеткізе алатын, олармен тең дәрежеде сөз таластыра алатын, салаға шын жаны ашитын, ішкі, сыртқы проблемаларды ақылмен шеше алатын  парасат-пайым, адами қасиет болу керек”-деп пікір айтыпты адвокаттар қауымдастығының өкілдері.

Жоғарыда атап өткен көшбасшылық қасиеттер қай кандидаттың бойында басымырақ деп зерттеу жүргіздік. Желілерде жарық көріп жатқан адвокаттардың пікіріне де назар аудардық. Сайлауалды бағдарламаларын зерделедік.

Назарымызды аударған кандидаттардың бірі әрі бірегейі – Айдын Бикебаев болды.

«Шын мәнінде өз мамандығының иесі, өз ісінің маманы, біліктілігі де, білімі де, тәжірибесі мен ақыл-парасаты жеткілікті азамат» - деп баға беріпті көптеген адвокаттық қауымдастықтың өкілдері.

Айдын Жолшыұлы  қазіргі таңда Жоғарғы Сот Кеңесінің судьялыққа үміткерлерді іріктейтін біліктілік комиссиясының төрағасы. Бұған дейін бұл комиссияның төрағалары облыстық соттардың төрағалары, Жоғарғы Соттың судьялары болып келген.

Тарихта бірінші рет судьялыққа қандидаттардың біліктілігін тексеретін комиссия төрағалығы адвокатқа сеніп тапсырылды.

Мұның өзі кандидаттың біліктілік деңгейінің  көрсеткіші болса керек.

2002 жылдан бастап, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі және «Саят Жолшы және Серіктестер» адвокаттық кеңсесінің басқарушы серіктесі болған.

А.Бикебаев “Алматы адвокаттары» журналын шығаруға бастамашы, оның редакторы және демеушісі.

Айдын мырза құрған адвокаттық кеңсеміз сенімді және кәсіби серіктес ретінде The Legal 500, Chambers Global, Asia Law, IFLR адвокаттық контораларының барлық беделді халықаралық рейтингтеріне кіреді.

Бұл адвокаттық кеңсе көптеген практикалар бойынша қазақстандық ірі заң фирмаларымен ғана емес, халықаралық адвокаттық фирмалармен де табысты бәсекелесетін кеңсе ретінде саналады.

Көптеген жылдар бойы А.Бикебаев халықаралық «Who’s who legal» баспасынан Қазақстан Республикасының бәсекелестік (монополияға қарсы) құқық саласындағы сарапшы ретінде ұсынылған жалғыз маман болды.

Назарымызды аударған үміткер
жыл сайын «Саят Жолшы және Серіктестер» адвокаттары шығаратын «Қазақстанда бизнес жүргізудің құқықтық негіздері» атты кітап-анықтамасының редакторы және өзекті құқықтық мәселелер бойынша 70-тен астам ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы екен.

Не де болса, республикалық адвокаттар алқасының басшылығына білігі мен білімі сай, адвокатура институтын әлемдік деңгейге сай жаңа белеске көтеретін өз ісінің маманы келсе деген тілегіміз бар.

Сәбит РЫСБАЕВ

Пікірлер