Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңді

3773
Adyrna.kz Telegram

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) Лас-Вегаста өткен бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Vesti.kz-ке" сілтеме жасап.

Жәнібектің қарсыласы әлемнің бұрынғы чемпионы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикам (38-5, 21 KO) болды. Он раундқа есептелген айқас сегізіншісінде аяқталды. Алдымен Жәнібек үшінші раундта франциялықты нокдаунға түсірді, ал сегізінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, қазақ боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл кездесуде орта салмақта екінші дәрежелі WBO Global титулы сарапқа салынды. Жеңіліс көрмеген қазақстандық үшін бұл жеңіс кәсіпқой бокстағы 11-ші, мерзімінен бұрын жеңген жетінші жеңісі болды.

Н'Дам 38 жеңісімен алтыншы рет жеңілді. Әлімханұлы WBO Global белбеуін қорғады. Ол сонымен қатар WBC Continental титулының иегері.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер