Қостанай облысында ауыл тұрғынына қасқыр шабуыл жасады

3120
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысының Наурызым ауданында ер адамға қасқыр шапты. Оқиға 24 желтоқсанда Қарамайша ауданында болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Qostanai.Media сайтына сілтеме жасап.

Жыртқыш жануар жеке үйдің ауласына кіріп кеткен. Осы кезде далаға шыққан ер адамға шабуыл жасаған. Оның дауысын естіген көршісі көмекке келіп, қасқырды балтамен ұрып өлтірген.

Қазір 40 жастағы Қарамайша ауылының тұрғыны аудандық ауруханаға жатқызылған. Өміріне ешқандай қауіп төнбейді. Ал өлтірілген қасқыр облыстық орталыққа сараптамаға жіберілген. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер