Ен далада із-түссіз жоғалып кеткен жасөспірім табылды

3129
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/izobrazhenie_2022-01-04_110211.png
3 қаңтарда 14 жастағы жасөспірім із-түссіз жоғалып кеткен. Қазір оны дәрігерлер тексеріп, ата-анасына тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ен далада жоғалып кеткен жасөспірім табылды. 3 қаңтарда 14 жастағы Кирилл Дукарт үйірдің соңынан атпен кетіп, жоғалып кеткен, деп жазады alau.kz. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар қызметінің полиция қызметкерлері, кинологиялық қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Барлығы 110 адам, 26 техника жұмылдырылған. Сағат 23:46 шамасында бала Майкөл ауылдық округіне қарасты Шеминовка ауылынан табылды. Кириллдің айтуынша, қарлы боранның кесірінен ол адасып, қайтар жолын таба алмай, сағат 23:30-да Шеминовка ауылына адасып, бірінші кездескен үйді қағып, жылынып алуын өтінген. Сол жерден олар кейін жоғалған адамның табылғаны туралы хабарлады. Баланы дәрігерлер тексеріп, ата-анасына тапсырды. Оның жағдайы тұрақты деп бағалануда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер