Тоқаев LRT жобасы туралы: "Жоба бастапқыда қате болды, оны мойындау керек"

6234
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/11/lrt-960x500.jpeg?token=6071bd1636298c70f1726147f469a865
Тоқаев LRT жобасы туралы айтты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. — Қарапайым инфрақұрылымдық жобадан ол елдің беделіне нұқсан келтіретін күрделі мәселеге айналды. Қазірдің өзінде қыруар қаражат игерілді, несиелер тартылды, шетелдік серіктестер алдында ауқымды шарттық міндеттемелер алынды. Жоба бастапқыда қате болды, оны мойындау керек. Оның үстіне бұл жобада жемқорлық деректері де бар. Енді ең жақсы шешім қабылдануы керек, өйткені қарапайым бұзу уақыт пен ақшаны ысырап етуді білдіреді. Бұл жобаны пайдаланудың ықтимал нұсқаларын анықтайтын отандық және шетелдік сәулетшілер мен урбанистерді шақырудан басқа амалымыз жоқ, — деді Президент.  

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер