Бетті тұмшалауға тыйым салу - қауіпсіздік мәселесі

1199
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Mxkw9YnSIbOXGzNlLb3Ea9isPF6N6TezXqyLwHFd.jpg

Қазақстанда бетті тұтас жауып тұратын киім түрлеріне тыйым салынуы мүмкін. Қызу талқыланып жатқан тақырыптың бірі осы. Себебі бетті толық тұмшалап тұратын киімге тыйым салуды «діни ұстанымға қарсылық» ретінде қабылдайтын топтар да бар. Міне, сол азаматтар бұл заңды «өз ұстанымдарына қол сұғу» деп қабылдайтын сияқты. 

Алайда бұл заң, ең алдымен, қауіпсіздік мәселесі ғой. Бетін тұмшалап алған адамның кім екенін анықтау қиын. Ол іздеуде жүрген жан ба, қылмыскер ме, ер ме, әйел ме білмейсің. Камера да анықтай алмайды. Оларды тексеру де қиын. Ал арнайы заң болса, онда сол заңға сүйене отырып тексеруге болады. 

Орталық Азияда бұл тәжірибе баяғыда басталып кетті. Мысалы Тәжікстанда бір жылға жуықтады. Бетті тұмшалайтын киімге тыйым салып, тексеріс жүргізіп жатыр. Қырғызстанда да солай. Жақында ғана көшеде бетін тұмшалап жүргендерге ескерту жасап жатқан видеолары шықты. Қырғыз қоғамы ызу-қызу талқылап жатты. Өзбекстан ең біріншілердің бірі болып бұл мәселені қолға алған болатын. Түркіменстан жабық ел. Ақпарат алу қиын, бірақ оларда да бұндай ережелер бар. Ал Қазақстан енді талқылап жүр. 
Шығып жатқан ақпаратқа сүйенсек, медициналық көрсетілімдер бойынша, қызметтік міндеттерді орындау барысында (арнайы жасақ, қауіпсіздік қызметі), спорттық және мәдени іс-шараларға қатысқанда және өзге де ерекше жағдайларда бетті жауып тұратын киімдерді киюге рұқсат етіледі. Ал енді 24/7 режимінде бетіңді қоғамдық орында жауып жүруге рұқсат етілмейтін сияқты. Қоғамдық орында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бетті тұмшалайтын киімдерге тыйым салынбақ. Оның үстіне біздің елімізге кіріп-шығатындар саны аз емес.

Геосаяси жағдайға байланысты қашқындар да, босқындар да келіп жатыр. Еңбек мигранттары да бар. Сол үшін бұл мәселенің бәрі қауіпсіздік тұрғысынан түсіндіріледі. Бұл дұрыс ұсыныс деп ойлаймын. Ал үйінде әр адам өзі біледі ғой не кисе де.

Асхат Қасенғали

댓글
기타 기사