Түркия билігі соғыс пен ядролық қауіпке қарсы паналау орындарын сала бастады

1549
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/bhKzhlyx8oAxhwhUNDZE2N1SVskZEltYUo63bSgk.jpg

Түркия билігі соғыс, апаттар және өзге де төтенше жағдайлар, соның ішінде «ядролық оқиғалар» кезінде халықты қорғау үшін арнайы паналау орындарын салу жобасын бастады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап түріктің NTV телеарнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.

Жоба алдымен Анкара мен басқа ірі қалаларда басталып, кейін бүкіл ел аумағына таралады.

Аталған БАҚ-тың мәліметінше, азаматтық қорғаныс шараларын күшейту мәселесі Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған төрағалығымен өткен үкімет отырыстарында қарастырылған. Шенеуніктер қазіргі қолданыстағы паналау орындарының басым бөлігі көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерінде және жер асты автотұрақтарында орналасқанын және қазіргі төтенше жағдайлар талаптарына сай келмейтінін мойындады.

Осыған байланысты билік әр аймақтың ерекшелігін ескере отырып, қорғаныс нысандарының инфрақұрылымын жаңартуға шешім қабылдады. Мұндай қадамға барудың өзектілігі Түркияға жақын аймақтарда әскери қақтығыстар мен апаттар туындау қаупінің бар болуымен түсіндірілді. Жаңа паналау орындары радиациялық ластану жағдайында да халықты қорғауға қабілетті болуы тиіс.

Түрік телеарнасының хабарлауынша, жоба әзірлену барысында Жапония, Швейцария және Израильдің тәжірибесі зерттелген. Нәтижесінде елдің барлық аймақтарында түрлі қауіп-қатерлерге төтеп бере алатын қорғаныс құрылымдары салынады. Сонымен қатар, бұл нысандар халықтың басым бөлігі жылдам жетіп бара алатындай етіп орналастырылады.

댓글
기타 기사