Университетте атылған оқ. АҚШ-та Трамптың жақтасын көп алдында қаза тапты

1842
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/nd7iPfAZ4MxRx4RZek3N63iYwBt1RPUvmoWaFcpj.webp

АҚШ-тағы Юта штатының Utah Valley университеті кампусында саяси белсенді әрі Трамптың жақтасы Чарли Киркті көптің алдында сөз сөйлеп тұрған сәтте атып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқ оның мойнына тиген. Белсенді бірден ауруханаға жеткізілген. Алайда кейіннен АҚШ президенті Дональд Трамп Чарли Кирктің қаза тапқанын мәлімдеді. Ол Truth Social желісінде бүкіл ел бойынша төрт күнге әртүрлі мемлекеттік ғимараттар мен басқа да орындарда тулардың төмен түсірілуін бұйырғанын атап өтті.

«Ұлы әрі тіпті аңызға айналған Чарли Кирк қайтыс болды. Америка Құрама Штаттарындағы жастарды Чарлидан жақсы түсінетін және олардың күйіне жаны ашитын адам болған жоқ. Барлығы оны жақсы көрді және таңданды, олардың бірі – мен. Енді ол бізбен бірге емес. Меланиямен бірге жұбайы Эрикаға және отбасының барлығына көңіл айтып жатырмыз. Чарли, біз сені жақсы көреміз!» - деп жазды Трамп.

The Washington Post басылымының мәліметінше, қайғылы жағдайдан кейін АҚШ астанасы күшейтілген күзетке алынған. Тіпті Ақ үйге жақын көшелерде ішінара қозғалыс шектелгені айтылды.

Айта кетейік, 31 жастағы Чарли Кирк — Turning Point USA ұйымының негізін қалаушы, консервативті құндылықтарды мектептер мен университеттерде насихаттайтын танымал белсенді, подкастер. Ресми деректерге қарағанда, оқ білім беру кампусының ғимараттарынан шамамен 200 метр қашықтықтан атылған. Бастапқыда күдікті тұтқындалды деген хабар тарады, кейін ол адамның атышулы оқиғаға қатысы жоқ екені анықталды. Қазіргі таңда күдікті әлі анықталған жоқ.

댓글
기타 기사