Көтергіш босап кеткен. Мүгедек болып қалған адам сотта жарақат алды

1329
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/01/skoryj.jpeg

Астанада мүмкіндігі шектеулі әйел сот ғимаратында жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Patriоt басылымына сілтеме жасап.

Оқиға азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотта болған. Әйел отырған көтергіш құрылғы көтерілу кезінде бекітпеден босап кетіп, төмен құлаған. Салдарынан әйел арбасынан түсіп кетіп, бетон қоршауға соғылған.

Оқиға бірнеше секундтың ішінде орын алғандықтан, оны ертіп жүрген көмекші құтқарып үлгермеген.

Зардап шеккен әйел – бірінші топтағы мүгедек. Ол бұрын жұмыста алған жарақат салдарынан омыртқасынан айырылған. Қазір ол емделу мен оңалтудың өтемақысын өндіру үшін сот арқылы өз құқығын қорғап жүр. Оқиға болған күні ол осы іс бойынша сот отырысына жеке қатысу үшін келген.

댓글
기타 기사