Орталық Азия елдері мен Корея парламенттері спикерлері бірлескен декларация қабылдады

139
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6sFle4iFMgYLooI9hQtoZw3FJ6Lo9QP9uwvIo7Ov.jpg

Ташкент қаласында Орталық Азия мемлекеттері мен Корея Республикасының парламенттері спикерлерінің үшінші кездесуі өтті. Іс-шараға Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы қатысты.

«Адами қадір-қасиет, әлеуметтік әділдік пен қоршаған ортаны қорғау жолындағы ынтымақтастық» тақырыбында өткен форумда тараптар парламентаралық диалогты нығайту, тұрақты даму, цифрландыру, экология және әлеуметтік саясат мәселелерін талқылады.

Пленарлық сессияда сөз сөйлеген Ерлан Қошанов бұл құндылықтардың Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалармен үндес екенін атап өтті. Ол жас ұрпаққа инвестиция салу, білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар бойынша бірлескен жобаларды дамыту маңызды екенін айтты.

Сонымен қатар форумда экологиялық күн тәртібі, Арал теңізінің мәселесі, су ресурстарының тапшылығы және «жасыл» энергетиканы дамыту тақырыптары көтерілді. Мәжіліс төрағасы корейлік әріптестермен экология саласындағы ғылыми ынтымақтастықты арттыруға шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша Орталық Азия елдері мен Корея Республикасының парламенттері спикерлері Бірлескен декларацияға қол қойды. Келесі, төртінші кездесу 2026 жылы Қазақстанда өтеді деп жоспарланып отыр.


댓글
기타 기사