ҚазТАГ агенттігі бас редакторының ұсталуы. Полиция түсініктеме берді

255
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ftHODKSCwkinfuhgCXnpNqAtE5kC8Tmmd9n6qivf.webp

Алматы қалалық полиция департаменті ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасеновтің ұсталуына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

ПД мәліметінше, редакция қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жекеменшік компания өкілінің жазбаша арызы негізінде басталған. Арызда олардың іскерлік мүдделері мен беделіне елеулі зиян келтірген, көрінеу жалған ақпаратты бірнеше рет таратқаны айтылған.

«Тергеу барысында тергеу әрекеттері қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілді. Жиналған материалдардың жиынтығын, тергеу сатысын және заңда көзделген негіздерді ескере отырып, 23 желтоқсанда ҚазТАГ бас редакторы ұсталды. Ол Астана қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- делінген хабарламада.

Еске салайық, 23 желтоқсанда Әмір Қасеновті Астананың Есіл аудандық полициясы ұстағаны белгілі болды.

Бұған дейін ҚазТАГ Freedom Finance компаниясындағы «алаяқтық схемалардан жапа шеккендер» туралы бірқатар мақала мен бейнематериал жариялаған еді. Кейін агенттіктің үстінен компания арыз түсірген. ҚазТАГ басшылығы бұл қылмыстық істі сөз бостандығына қысым көрсетуге бағытталған қадам деп бағалады.

11 желтоқсанда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ведомство заңгерлері басшылығы қылмыстық қудалауға ұшыраған ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігіне көмек көрсету жолдарын қарап жатқанын хабарлаған.

댓글
기타 기사