Мәскеуде генерал Кирилловты өлтірген өзбекстандық өмір бойына сотталды

278
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/rDa7XBwT7jHUJd5muVdM2oTAFDDbKsPRdCAeZV8Y.webp

Өзбекстан азаматы Ахмаджон Құрбанов 2024 жылғы желтоқсанда радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің бастығы, генерал-лейтенант Игорь Кирилловты өлтіргені үшін өмір бойына сотталды. Бұл туралы РБК жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сотта шетелдік жоғары лауазымды ресейлік офицердің қаза болуына әкелген террорлық актіні жасағанын мойындады.

Сонымен қатар Құрбановқа 1 млн рубль (шамамен 6, 5 млн теңге - ред.) көлемінде айыппұл салынды.

Аталған қылмыстық іс бойынша тағы үш адам сотталды. Олардың барлығы ұзақ мерзімге түрмеге жабылып, салыстырмалы түрде аз айыппұл төлеуге міндеттелді. Тергеу нұсқасы бойынша, терактіні орындаушыға жарылғыш затты жеткізген Әзербайжан тумасы Роберт Сафарян 25 жылға сотталды. Ал Құрбановқа пәтер жалға берген Ингушетия тумалары Батухан Точиев пен Рамазан Падиев 22 жыл және 18 жылға колонияға жіберілді.

БАҚ мәліметінше, сот процесі барысында өзбекстандық айыпталушы кінәсін мойындап, тергеумен белсенді ынтымақтасқан. Ал өзге сотталғандар өздерінің іске қатысы жоқ екенін алға тартқан. Мәселен, Точиев пен Падиев тек пәтерді жалға берумен ғана айналысқанын айтса, Сафарян Құрбановқа тапсырған сәлемдеменің ішінде не болғанын білмегенін мәлімдеген.

Еске салайық, 2024 жылдың 17 желтоқсанында Мәскеудің Нижгород ауданында бір үйдің алдында жарылыс болып, екі адам қаза тапқан еді. Жарылыс толқыны айналадағы пәтерлердің терезелерін ұшырып жіберген. Жарылғыш заттың ішінде 300 грамм тротил болған, соның салдарынан үйдің кіреберіс есігі мен терезелері сынған, генералдың қызметтік көлігі де зақымданған.

 

댓글
기타 기사