Ел басқарған көшбасшы, жомарттығымен танылған Тана мырза Тілемісұлына арналған «Алашқа тұлға болған – Тана мырза» республикалық жыр мүшәйрасы

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LdsCX8zF0J71CEKgHr1efE54perrUzWo559bqhnj.jpg

2026 жылдың маусым айында Абай облысы, Ақсуат ауданы аумағында ел билеген көшбасшы, жомарттығымен танылған Тана Мырза Тілемісұлына арналған «Алашқа тұлға болған – Тана Мырза» атты республикалық жыр мүшайрасының қорытындысы өтеді.

Байқаудың басты мақсаты – тарихи тұлға Тана Мырза Тілемісұлының есімін жас ұрпақ санасында жаңғырту, оның ерлігін дәріптеу арқылы ұлттық рухты көтеру, сондай-ақ қазақ поэзиясын жаңа, тың туындылармен толықтыру және жас ақындарға қолдау көрсету.

Мүшайраға қатысушылар екі бағыт бойынша бақ сынай алады:

– Тана Мырза Тілемісұлына арналған поэзиялық шығармалар;

– еркін тақырыптағы өлеңдер.

Байқауға қатысуға жас шектеуі қойылмайды. Қатысушылар өз шығармаларын Microsoft Word форматында (Times New Roman, 14 кегль) электронды түрде жолдауы тиіс. Тек бұрын еш жерде жарияланбаған жаңа туындылар қабылданады.

Өтінімдер 2026 жылдың мамыр айына дейін қабылданады. Үздік авторлар маусым айында Ақсуат ауданында өтетін салтанатты шарада марапатталады. Қазылар алқасы құрамына танымал ақындар енеді.

Жүлде қоры:

– Бас жүлде – 800 000 теңге

– І орын – 550 000 теңге

– ІІ орын – 450 000 теңге

– ІІІ орын – 300 000 теңге

– Арнайы жүлде – 150 000 теңге (3 адамға)

Қатысушылар өз шығармаларын, қысқаша өмірбаянын, фотосын және байланыс нөмірін tana_myrza@mail.ru электронды поштасына жолдай алады.

Айта кетейік, мүшайраны Тана Мырза атындағы қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр.

댓글
기타 기사