Дәмханадағы жарылыс. Орталық иесі қамауға алынды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kGuIUYIyjdbDirQ7bxBKpfULvpgOrGec7ueEcrEH.jpg

Ақмола облысында орналасқан «Палау орталығы» дәмханасында болған жарылысқа байланысты кәсіп иесі қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ресми мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 2 наурызда дәмхана иесі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі бойынша («Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу») қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу деректеріне сай, аталған оқиғада газ баллоны жарылып, салдарынан сегіз адам қаза тапқан. Қайғылы жағдайдың ауқымы мен адам шығынын ескере отырып, іс арнайы прокурорлардың өндірісіне берілген. Тергеу барысы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тарапынан ерекше бақылауға алынған.

Қадағалау органының хабарлауынша, қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша өзге ақпараттар Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

댓글
기타 기사